ШҚО-да «Уақыт өтіп жатыр! Туберкулездің ауыртпалығын азайту жөніндегі 2022 жылғы мақсаттарға бірлесіп қол жеткіземіз!» ұранымен 24 ақпан мен 24 наурыз аралығында айлық өтіп жатыр.
Былтыр облыс тұрғындарының арасында туберкулез ауруы бойынша эпидемиологиялық жағдай тұрақты болды. 2019 жылмен салыстырғанда 18,9%-ға төмендеген.
Туберкулез – қабынбалы өкпе мен лимфа түйіндерінде пайда болатын жұқпалы ауру. Ол өкпе ауруы ғана емес, сонымен қатар сүйек, бүйрек, ми, тері, көз сияқты ағзаларды да зақымдайды. Дегенмен, өкпе туберкулезі жиі кездеседі. Бұл індеттің бір ерекшелігі басқа инфекцияларға қарағанда ұзақ уақыт жасырын түрде өтеді.
Дүниежүзілік десаулық сақтау ұйымының деректері бойынша жыл сайын туберкулезбен шамамен 9-10 млн. адам ауырады екен. Бір науқас 15-20 адамға дейін жұқтыруы мүмкін. Бұл дерттің салдарынан жыл сайын шамамен 2 млн. адам қайтыс болады.
– Инфекциялық бұл індет те ауа арқылы тарайды. Өкпе туберкулезімен ауыратын адамдар жөтелгенде, түшкіргенде немесе қақырғанда таратады. Екі аптадан ұзақ жөтелсе, әлсіздік байқаса, дене салмағының төмендесе дәрігерге қаралғаны жөн. Сондай-ақ, ұзақ уақыт дене қызуы көтерілуі мүмкін. Кеуде тұсы ауырып, қан қақыратын жағдайлар кездеседі. Дұрысы, ауырмаудың жолын іздеу. Спортпен айналысып, дұрыс тамақтану керек, – дейді облыстық Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің Аса қауіпті инфекцияларды және туберкулезды эпидемиологиялық қадағалау бөлімінің басшысы Хамит Илюбаев
Шығыс Қазақстан облысы