• RUB:
    5.16
  • USD:
    526.81
  • EUR:
    542.72
Басты сайтқа өту
Аймақтар 05 Наурыз, 2021

Атырауда демеушілер 700 отбасы азық-түлікпен қамтиды

444 рет
көрсетілді

Атырау облысында демеушілер тұрмысы төмен 700 отбасыны жыл бойы азық-түлікпен қамтуға бел буды.

«30 игі іс» қайырымдылық марафоны аясындағы бастамадан жергілікті мәслихаттардың депутаттары да шет қалмады. Мәселен, Атырау қалалық мәслихатының 18 депутаты аз қамтылған 18 отбасыны азық-түлік себетімен қамтуды көздеп отыр. Сондай-ақ, Индер аудандық мәслихатының депутаты, жеке кәсіпкер Ақжібек Керімбайқызы 100 отбасыны азық-түлікпен қамтымақ.  

Мұндай қайырымдылық шарасына Жылыой ауданында орналасқан «Теңіз» кенішіндегі мердігер мекемелердің бірі – «ССЕР» компаниясы да қолдау білдірді. Компания өкілі Орақ Бисембиев 100 мүшесі бар бірнеше отбасының әрқайсысына 10 мың теңгенің азық-түлік сертификатын тапсырды.  

«Біздің компания қамқорлықты қажет ететін отбасыларға ұдайы демеушілік көмек көрсетіп келеді. Мұндай қолдау алдағы уақытта да жалғаса береді» дейді Орақ Бисембиев.