«Дәрмек» жедел-алдын алу іс-шарасы кезінде Өскеменнің полицейлері қаланың дәрігерлік амбулаторияларының біріне тексеру жүргізген. Нәтижесінде 34 жастағы медбикеден құрамында есірткісі бар дәрі-дәрмектерді тіркегені және таратқаны анықталды.
– Оқиға болған жерден перапараттар мен рецептуралық бланкілер тәркіленіп, – деді облыстық Полиция департаментінің Есірткі қылмысына қарсі іс-қимыл басқармасы бастығының міндетін атқарушы Василий Гриценко.
Аталған факті бойынша ҚР ҚК-нің 303-бабының 1-бөлігі бойынша (Есiрткi, психотроптық немесе улы заттармен жұмыс істеу қағидаларын бұзу) сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр.
Өскемен