• RUB:
    4.85
  • USD:
    498.34
  • EUR:
    519.72
Басты сайтқа өту
Қазақстан 05 Наурыз, 2021

Қазақстанда тағы бір мереке пайда болады

586 рет
көрсетілді

Премьер-Министр Асқар Мамин «Қазақстан Республикасындағы мерекелік күндердің тізбесін бекіту туралы» Үкіметтің 2017 жылғы 31 қазандағы № 689 қаулысына толықтыру енгізетін бұйрыққа қол қойды, деп хабарлайды Egemen.kz.

«Қазақстан Республикасындағы мерекелер туралы» 2001 жылғы 13 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы заңының 4-бабына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

«Қазақстан Республикасындағы мерекелік күндердің тізбесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2017 жылғы 31 қазандағы № 689 қаулысына (Қазақстан Республикасы ҮПАЖ, 2017 ж., № 53, 343 б.) мынадай толықтыру енгізілсін: көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасындағы мерекелік күндердің тізбесі: мынадай мазмұндағы 5-1 толықтырылсын: «5-1. Мемлекеттік қызмет көрсету саласындағы жұмыскерлер күні – 15 сәуір», делінген «Ашық НҚА» порталында жарияланған құжаттарына.

Аталған бұйрық алғаш ресми жариялағаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.