Атырау облысының бас санитар дәрігері Мәдениет Танауовбір сыныпта 25 оқушының сабаққа қатысуына рұқсат беретін жаңа қаулыға қол қойды.
«2021 жылдың 9 наурызынан бастап жалпы білім беретін мектептерде мектепалды даярлық сыныптарын, 1-ден 5-сыныпқа дейін қоса алғанда, халықаралық мектептерде 1-ден 7-сыныпқа дейін қоса алғанда, сыныптарда 25 баладан аспайтын бала санымен аралас форматта оқытуға рұқсат етілсін» делінген қаулыда.
Сондай-ақ, оқу бітіретін сыныптар үшін (9, 11 (12) сыныптар) аптаның 6 күнінде аралас форматта: пәндердің 70%-ын штаттық режимде, 30%-ын қашықтан оқытуға (сыныпта 15 адамнан артық емес, 1 сынып-1 кабинет қағидаты бойынша, санитариялық-дезинфекциялық режимді, бетперде кию режимін сақтау), арнайы, мамандандырылған ұйымдардың, ерекше білім беру қажеттілігі бар балаларға арналған мектеп-интернаттардың (оның ішінде ата-анасының қамқорлығынсыз қалған жетім балаларға арналған), жалпы үлгідегі мектеп-интернаттардың, дарынды балаларға арналған мектеп-интернаттардың) қызметіне рұқсат беріліп отыр.
Жаңа қаулы 9 наурызда сағат 00:00-ден бастап заңды күшіне енеді.