• RUB:
    5.18
  • USD:
    481.19
  • EUR:
    538.45
Басты сайтқа өту
Қазақстан 08 Наурыз, 2021

Полиция қатарында 11 мың қыз-келіншек қызмет етеді - Ішкі істер министрі

505 рет
көрсетілді

Полиция қатарында ер-жігіттермен бір сапта күндіз-түні аянбай 11 мың қыз-келіншек қызмет етеді. ҚР Ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаев халықаралық әйелдер күнімен құттықтауында осылай мәлім етті, деп хабарлайды Egemen.kz.

«Құрметті ханымдар! Сіздерді көктем мерекесі – 8 наурыз халықаралық әйелдер күнімен шын жүректен құттықтаймын! Бүгінде әйелдер барлық салада жемісті қызмет атқаруда. Соның ішінде, полиция қатарында да қыз-келіншектер көп. Ер-жігіттермен бір сапта күндіз-түні аянбай 11 мың қыз-келіншек қызмет етеді. Олардың 580-і басшы құрам.

Олардың ішінде тергеушілер, анықтаушылар, психологтар, учаскелік, миграциялық, патрульдік және әкімшілік полиция инспекторлары бар.

Уақытқа қарамастан, өз жұмысына беріліп, елінің қорғаны болып жүрген қыз-келіншектер - батырлық пен ерліктің символы! Сондықтан, осындай әріптестерімізді құрметтеу – біздің парызымыз!», деді Ерлан Тұрғымбаев. Оның айтуынша, әйелдер қауымының

үнемі күліп, ер-азаматтар айналасында жүруі үшін ерекше рух береді.

«Езулеріңізден күлкі кетпесін! Сіздер бақытты болуға лайық жансыздар! Балаларыңыздың болашағы жарқын болып, жан-жақтарыңыз аман болсын.

Сіздерге мол бақыт, зор денсаулық және қажымас қайрат тілеймін!», деді министр.