• RUB:
    5.4
  • USD:
    474.83
  • EUR:
    518.99
Басты сайтқа өту
Білім 09 Наурыз, 2021

Инженерия және технологиялар саласындағы үздік білім ордасы белгілі болды

275 рет
көрсетілді

Еліміздің техникалық жоғары оқу орны алғаш рет QS World University Rankings by Subject  2021 ғаламдық рейтингіне енді, деп хабарлайды Egemen.kz

Сәтбаев Университеті халықаралық ең беделді рейтингтердің бірі – QS WUR by Subject  рейтингіне Petroleum Engineering пәні саласында Инженерия және технологиялар (Engineering and Technology) категориясы бойынша енді.

QS World University Rankings by Subject әдістемесі университеттің академиялық беделінен, жұмыс берушілер арасында университеттің беделі, Хирш индексі және басылымдарға сілтемелер жасау сияқты төрт негізгі көрсеткіштен тұрады.

Бұл рейтингке биылғы жылы әл-Фараби атындағы ҚазҰУ, Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ және Абылай хан атындағы ҚазХҚжӘТУ бірінші рет қатысып, Arts and Humanities, Social Sciences and Management және Natural Sciences категориялары бойынша жүлделі орындарға ие болды.