• RUB:
    5.37
  • USD:
    477.04
  • EUR:
    520.78
Басты сайтқа өту
Аймақтар 08 Наурыз, 2021

Маңғыстаудағы ҚАЖД мекемесінде 8 – Наурыз Халықаралық әйелдер мерекесі аталып өтті

443 рет
көрсетілді

Маңғыстау облысы бойынша қылмыстық-атқару жүйесі департаметіне қарасты ГМ-172/8 мекемесінде 8 – Наурыз Халықаралық әйелдер мерекесі аталып өтті, деп хабарлайды Egemen.kz

Осы аталған мерекелік іс-шараның шымылдығын Маңғыстау облысы бойынша ҚАЖД бастығы әділет полковнигі Жасталап Ерсайынұлы Басаров ашып, жазасын өтеуші әйел азаматшалардың  мерекелерімен құтықтап жылы лебізін білдірді.

Маңғыстау облысы қылмыстық-атқару жүйесі департаментіне қарасты ГМ-172/8 қауіпсіздігі барынша төмен мекемесінде жазасын өтеуші сотталғандар 8 – Наурыз Халықаралық әйелдер мерекесіне белсене қатысып, өздерінің өнерлерін паш етті.

Қосмурзиев Мақсат «Сен үшін» әнін орындап көрермендердің қолдауына бөленіп, аталған кешті нұрландыра түсті.  Ал Нұралин Абат Сағитжанұлы «Ана» туралы поэзия оқып, өз өнерін көрсетті.

Қарынбай Фатима Жалғасқалиқызы «Анаға хат» әнімен, Беркенов Ғазиз  Домбырамен Ана туралы терме орындап, Оразгалиева Жадра мен Қосаманов Жәнібек «Мақтанамын» әнімен, Қарттар үйі көрініс қойылымын қойып, Қосмурзиев Мақсат «Әке» және Джумашова Майра «Ана» туралы әнімен көпшіліктің жылы ықыласына бөленді.

«Осы орайда Оразгалиева Жадра Ана тәралы поэзия орындап, Абдешов Арман мен Хафезова Қарлығаш «Жанымда бол» әнімен көрермендердің қошеметін алса, ал Таженова Айнагул «Ана» туралы поэзия жыр-шумақтарымен баршаны тәнті етті. Базарбаев Абай «Шәй қайнат» әнімен мерекелік іс-шараны аяқтап көрермендердің көңілін көтерді», дейді САӘПТЖББ бөлім бастығы, әділет майоры Р.Буралкиев