Абай ауданында 2020 жылдың қарашасынан 2021 жылғы ақпан аралығында екі бас ірі қара мал қолды болған, деп хабарлайды Еgemen.kz
Бұл туралы аудандық полиция бөліміне шаруа қожалықтарының бірінің басшысы хабарлап айтқан. Зардап шегуші залалды 450 000 теңге көлемінде бағалады.
Жедел іздестіру іс-шаралары барысында қылмыстық полиция қызметкерлері шаруа қожалығының 43 жастағы малшысын анықтаған. Ол жауап алу кезінде кінәсін мойындап, ұрланған малды қайтарып берді.
Аталған факті бойынша ҚР ҚК-нің 188, 1-бабы 1-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тексеру жүргізіліп жатыр.