Сомали Денсаулық сақтау министрлігінің қызметкерлері жүретін автокөлік жолында жарылғыш құрылғы іске қосылды, деп хабарлайды Egemen.kz Anadolu агенттігіне сілтеме жасап.
Бүгін Сомали астанасы Могадишода террористердің әрекетінен бір адам қаза тауып, үш адамды жарақаттанды.
Бұл туралы Anadolu агенттігі Африка республикасының қауіпсіздік күштері тарақтан ақпаратқа сүйене отырып хабарлаған.
Жарылыс 10 наурыз күні таңертең Каран ауданында болды.
Террористер Денсаулық сақтау министрлігінің қызметкерлері көлікпен жүретін жолға жарылғыш зат қойған.
Жарылыс болған жерге қауіпсіздік күштерінің отрядтары орналастырылды.
Әзірге ешқандай лаңкестік топ жарылысты мойындаған жоқ.
Әлемдік бұқаралық ақпарат құралдары жарылысты Аш-Шабаб лаңкестік ұйымы жасауы мүмкін деп болжайды. Бұған себеп, аталған ұйым Сомалидегі қауіпсіздік күштері мен бейбіт тұрғындарға жиі шабуыл жасап келген.