Томас Бах Халықаралық Олимпиада комитетінің президенті болып қайта сайланды. Бұл туралы ХОК-тің 137-ші Сессиясында белгілі болды деп хабарлайды Egemen.kz.
Онлайн форматта өткен жиында Томас Бах 93 дауыс жинаған. Айта кетелік, президенттікке Бахтан өзге ешкім өтінім берген жоқ.
Президенттің өкілеттігі 2021 жылдың 23 шілдесі мен 8 тамызы аралығында өтетін Токио Олимпидасынан кейін күшіне енеді.
Еске сала кетейік, Томас Бах халықаралық Олимпиада комитетінің тоғызыншы президенті. Ол аталған қызметке 2013 жылдан бастап кірісті. ХОК мүшелігіне 1991 жылы өткен Бах 1996-2000 жылдар аралығында ұйымның атқарушы комитеті құрамына енді. Ал 2000 жылы ХОК-тің вице-президенті атанды.
Томас Бах семсерлесуден 1976 жылғы Олимпиада ойындарының чемпионы.