• RUB:
    4.74
  • USD:
    442.05
  • EUR:
    474.14
Басты сайтқа өту
Аймақтар 11 Наурыз, 2021

Атырау облысындағы 3 ауданның тұрғындары «сағат бойынша» су алады

246 рет
көрсетілді

Сенатор Ғұмар Дүйсембаев Атырау облысындағы ауыз су сапасының жағдайына алаңдаушылық білдірді, деп хабарлайды Egemen.kz.

Еліміздің Премьер-Министрінің атына жолдаған депутаттық сауалында ол облыстағы өзендердің суының азаюы жер асты су көздерінің азаюына әкеліп соққанын және экология мен ауыл шаруашылығына теріс әсер еткенін атап өтті. Одан басқа, Бали және Жаңасу кен орындарында жер асты су көздерін пайдалану, сондай-ақ 200-ге жуық ұңғыманы жөндеу немесе жою мәселесі шешілген жоқ.

Сенатор Дүйсембаевтың айтуынша, өңірдегі негізгі ауыз су көзінің бірі болып табылатын «Астрахань-Маңғышлақ» магистралды су құбыры да жаңғыртуды және кеңейтуді қажет етеді. Осы проблемалардың салдарынан  облыстағы 7 ауданның 3 ауданы тұрғындары жазда суды «сағат бойынша» алуға мәжбүр болып отыр.

«Қалыптасқан жағдайға байланысты жер асты су қорларын растау, өздігінен ағатын ұңғымаларды жою және жөндеу үшін қаражат бөлген дұрыс болар еді. Сондай-ақ үлкен жерасты тұщы су көзі орналасқан Қызылқоға ауданындағы «Тайсойған» полигонының бір бөлігін полигон иелігінен шығару мәселесіне Ойыл, Сағыз және Жем өзендері бойынша тиісті жұмыстар жүргізу шараларын қоса отырып Ресей Федерациясымен келіссөздер жүргізу қажет», деп атап өтті Ғұмар Дүйсембаев.