Энергетика министрлігі екі мұнай өңдеу зауыты жөндеу үшін жұмысын уақытша тоқтатқанда елімізде бензин тапшылығы болмайтынын айтты, деп хабарлайды Egemen.kz
Энергетика вице-министрі Әсет Мағауов қазақстандықтар Шымкент және Павлодар мұнай өңдеу зауыттарын жөндеу кезінде бензин тапшылығын сезінбейтіндігін айтты.
Қаңтардан бастап біз қор жинау үшін мұнай өнімдерін экспорттауды тоқтатты. Бұл уақтылы шара болды деп айтуға тиіспін. Бензин бойынша біздің қордағы көлем 200 мың тоннадан 250 мың тоннаға дейін өсті, дизельдік отын бойынша да өсім байқалады, деді ол.
Энергетика министрлігі Атырау мұнай өңдеу зауыты жұмысындағы ақауларға байланысты Шымкент мұнай өңдеу зауытындағы жұмыс екі аптаға кейінге шегерілді, деп мәлімдеді. Салдарынан Шымкент мұнай өңдеу зауытындағы күрделі жөндеу шамамен 10 сәуір мен 9 мамыр аралығында жүргізіледі. Павлодар мұнай өңдеу зауытында жөндеу жұмыстары шамамен күзде жүргізілетін болады.