• RUB:
    4.82
  • USD:
    439.43
  • EUR:
    473.31
Басты сайтқа өту
Әлем 11 Наурыз, 2021

Қырғыз президенті Ташкентке барды

201 рет
көрсетілді

11 наурызда Шавкат Мирзиёевтің шақыруымен Қырғыз Республикасының президенті Садыр Жапаров Өзбекстанға мемлекеттік сапармен келді, деп хабарлайды Egemen.kz.

Ислам Каримов атындағы «Ташкент» халықаралық әуежайында жоғары мәртебелі мейманды премьер-министр Абдулла Арипов қарсы алды.

Содан кейін Садыр Жапаров Абдулла Ариповтың бастауымен Мустақиллик алаңына барды. 

Екі ел президенттері саяси және экономикалық келіссөздерден бөлек мәдениет, денсаулық сақтау, білім және туризм салаларындағы бірлескен бағдарламалардың іске асырылу барысын талқылау жоспарланған.