• RUB:
    4.85
  • USD:
    444.14
  • EUR:
    477.05
Басты сайтқа өту
Аймақтар 11 Наурыз, 2021

Бұлақсай ауылында білім ошағының қазандығы жарылды

408 рет
көрсетілді

Бүгін Аршалы ауданына қарасты Бұлақсай ауылындағы орта мектепте қазандық жарылды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Оқыс оқиғаның орын алуына жылыту жүйесіндегі судың қатты қайнауы себеп болған. Жарылыс салдарынан қазандықтың бір қабырғасы құлаған. Абырой болғанда қаза тапқандар жоқ.

Білім ошағында оқитын 114 оқушы оқыс оқиға орын алған кезде қашықтықтан білім алып жатқан болатын. Қазір себеп-салдары анықталуда.