• RUB:
    4.85
  • USD:
    498.34
  • EUR:
    519.72
Басты сайтқа өту
Аймақтар 12 Наурыз, 2021

ШҚО-да 30-дан астам қылмыс иттердің көмегімен ашылды

190 рет
көрсетілді

Шығыс Қазақстанда жыл басынан бері қызметтік иттердің көмегімен 30-дан астам қылмыс ашылған, деп хабарлайды Egemen.kz

Бүгінде облыс полициясында 80-нен астам ит қызмет атқарады. Оның ішінде 41 ит ізге түсуге, 14-і есірткі іздеуге, 13-і жарылғыш заттарды іздеуге тартылған. Сонымен қатар, шабуылдауға, айдауылға және күзетке үйретілген иттер бар.  Мұнда «төрт аяқты полицейлер» қылмыс орын алған жерлерге жиі шығып, «ізін суытпай» қылмыскерді іздеуге, жарылғыш заттарды, есірткілер мен оқ-дәрілерді іздеуге қатысады

2021 жылы инспектор-кинологтар қызметтік-іздестіру иттерімен бірге  900-ден астам оқиға орнына шыққан.

– Жыл басынан бері қызметтік-іздестіру иттері 32 қылмысты ашуға қатысты. Оның ішінде есірткі заттардың заңсыз айналымына байланысты 16 қылмыс. Арнайы операцияларды  өткізу кезінде заңсыз айналымнан шамамен 500 грамм есірткі тәркіленген болатын. Криминалдық полиция желісі бойынша 16 қылмыс ашылды, – деді ШҚО ПД кинологиялық қызмет орталығы бастығы полиция капитаны Өмірзақ Касаинов.

 

Шығыс Қазақстан облысы