• RUB:
    5.43
  • USD:
    477.03
  • EUR:
    521.44
Басты сайтқа өту
Аймақтар 12 Наурыз, 2021

Атырауда үш күнде 408 мұғалім вакцина алды

134 рет
көрсетілді

Атырау облысында үш  күнде 408 мұғалім коронавирусқа қарсы вакцина салдырды.

Облыстық денсаулық сақтау басқармасы баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, білім саласының қызметкерлері арасында екпеге қатысты түсіндіру жүргізіліп жатыр. Соның бірі Атырау энергетика және құрылыс колледжінде  өтті. Онда облыстық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің бас маманы Ләззат Жайлауова, денсаулық сақтау басқармасының бөлім басшысы Нина Оспанова, №5 қалалық емхананың бөлім меңгерушісі Нұрбақыт Құпжанов, облыстық білім басқармасының бас маманы Гаухар Такузова вакцина алудың маңызын әңгімеледі. Мұғалімдер тарапынан қойылған сауалдарға жауап берді.

«Атырау облысында 9 наурыздан бастап мұғалімдерге коронавирус инфекциясына қарсы вакцинация салу басталды. Соңғы 3 күнде 605 атыраулық вакцина алды. Оның ішінде 408  педагог, 183 медицина қызметкері, 14 мемлекеттік қызметші бар», деп хабарлады басқарманың баспасөз қызметі.