Санитариялық - эпидемиологиялық бақылау комитеті елге өткен тәулікте халықаралық авиарейстермен келген жолаушылар жайында ақпарат таратты, деп хабарлайды Egemen.kz.
Кеше елімізге Германия, Мальдив Республикасы, БАЭ, Египет, Түркия, Ресей Федерациясы, Өзбекстан және Қырғызстаннан 21 халықаралық әуе рейсі келді. 2 965 әуе жолаушыларының ішінде ПТР-тестілеудің теріс нәтижесі бар анықтамамен 2 334 адам, анықтамасыз 631 Қазақстан азаматы келді. Оның ішінде: Нұр-Сұлтан қаласының әуежайына – 10 рейс, 1 320 жолаушы, анықтамамен - 1 081; анықтамасыз - 239;
Алматы қаласының әуежайына – 8 рейс, 1 320 жолаушы, анықтамамен - 1 023, анықтамасыз - 297;
Орал қаласының әуежайына – 2 рейс, 199 жолаушы, анықтамамен - 104; анықтамасыз - 95;
Шымкент қаласының әуежайына – 1 рейс, барлық 126 жолаушы анықтамамен келген.
Анықтамасыз келген Қазақстан азаматтары келген жерлері бойынша COVID-19-ға ПТР-талдау әдісімен тестіленді және карантиндік стационарларда өз нәтижелерін күтуде.
Сондай-ақ 10 наурызда шетелден анықтамасыз келген 374 Қазақстан азаматының ПТР-талдауларының нәтижелері бойынша төрт жолаушыдан коронавирустық инфекция анықталды. Олардың ішінде үш жолаушы Шарм-эль-Шейх – Ақтөбе рейсімен, бір жолаушы Анталия – Алматы рейсімен келген.