• RUB:
    5.43
  • USD:
    477.03
  • EUR:
    521.44
Басты сайтқа өту
Аймақтар 12 Наурыз, 2021

Атырауда инспекторға пара бермек болған азамат 2 жыл 1 айға сотталды

257 рет
көрсетілді

Атырауда пробация қызметінің инспекторына пара ретінде бекіре тұқымдас балықты ұсынған азамат 2 жыл 1 айға сотталды, деп хабарлайды Egemen.kz

Атырау облысы бойынша қылмыстық-атқару жүйесі департаменті баспасөз қызметінің ақпаратына қарағанда, былтыр Исатай аудандық сотының үкімімен 32 жастағы азамат ҚР Қылмыстық Кодексінің 190-бабымен (Алаяқтық) кінәлі деп танылып, оған 1 жыл мерзімге бас бостандығын шектеу жазасы тағайындалыпты. Бірақ, сотталған азамат  айына 2 рет пробация қызметіне тіркелу талабын орындамаған.

«Сот үкімімен тағайындалған мәжбүрлі еңбекті орындауға қасақана шықпады. Атырау қаласындағы мекен-жайын тексерген кезде, сотталған азамат үйінде болмады. Кейін сотталған азаматқа жазасын өтеуден қасақана жалтарғаны үшін «ескерту» берілген. Осындай заң бұзушылықтан соң өзінің түрмеге қамалуы мүмкін екенін түсінген сотталған азамат пробация қызметкеріне пара беруге оқталған. Арам ойын жүзеге асыру мақсатында бекіре тұқымдас балық сатып алып, пробация қызметкеріне бермек болған кезде ұсталды», деп хабарлады департаменттің баспасөз қызметі.

Сот үкімімен кінәлі азамат ҚР Қылмыстық Кодексінің 367-бабымен (Пара беру) кінәлі деп танылды. Оған 2 жыл 1 ай мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды.