Облыстық ішкі істер департаментінің хабарлауынша, 6 наурыз күні Әйтей ауылында зорлық-зомбылықтың іздері бар ер адамның мәйіті табылды, деп хабарлайды Egemen.kz
Бұл деректер бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 99-бабының 1-бөлігіне сәйкес «Адам өлтіру» бойынша сотқа дейінгі тергеудің бірыңғай тізілімінде тіркелген.
36 жастағы жергілікті тұрғын – марқұмның жұбайының туған ағасы болып шықты. Күдікті бұған дейін адам өлтіріп, сотталғанын мойындады. Ол алкогольдік ішімдіктен кейін жер телімі үшін дауласқан. Жанжал соңы қайғылы оқиғаға ұласып, ас үй пышағымен туысының жүрегін шаншып тастады.
Қазіргі уақытта айыпталушы уақытша ұстау изоляторында қамауда отыр.
Рабиға МҰРАТ