Германияның Кельн қаласында өтіп жатқан халықаралық турнирде Қазақстанның алты боксшысы финалға шықты, деп хабарлайды Egemen.kz
Жартылай финалдағы Сәкен Бибосынов (52 кило), Оразбек Асылқұлов (57 кило), Ертуған Зейнулинов (63 кило), Айбек Оралбай (81 кило), Нұрбек Оралбай (91 кило) және Қамшыбек Қонқабаев (+91 кг) сынды сайыпқырандарымыз өз қарсыластарынан басым түсіп, бүгін енді олар бас жүлде үшін таласады.