Алматы қаласының әкімі Бақытжан Сағынтаев әуежай маңындағы АН-26 ұшағы құлаған жерге барды, деп хабарлайдыEgemen.kz
«АН-26 әскери ұшағы құлаған жерге бардым. Тиісті қызмет өкілдеріне болған оқиғаның салдарын жоюды тапсырдым. Қаза болғандардың туыстары мен жақындарына көңіл айтамын. Зардап шеккендерге барлық қажетті медициналық көмек көрсетілуде», деп жазды Б.Сағынтаев Twitter-дегі парақшасында.
Сонымен қатар оқиға орнында Алматы қаласы Қоғамдық денсаулық басқармасының жедел жәрдемнің 10 реанимациялық бригадасы жұмыс істеп жатыр.
«Зардап шеккен адамның бірі 33 жастағы ер адамның сол жақ саны ашық сынған, жабық ми жарақатын алған. 25 жастағы жігіт ми жарақатын алған, қол саусақтары сынған. Сонымен қатар, 2-3 дәрежелі күйік алған. Қазір олар Алматыдағы 4 аурухананың жансақтау бөлімінде жатыр. Жағдайлары өте ауыр. Дәрігерлер зардап шеккендердің өмірін құтқару үшін бар күшін салуда. Барлық кадрлар, соның ішінде қаланың бас реаниматологы жұмылдырылды», деді қала әкімдігінен.