Қазақстанға шетелден ұшып келген 513 жолаушының ПТР анықтамасы жоқ, деп хабарлайды Egemen.kz
13 наурызда Қазақстан Республикасының аумағына Германия, Мальдив Республикасы, БАӘ, Мысыр, Түркия, Украина, Ресей Федерациясы, Беларусь Республикасы, Өзбекстан және Қырғызстаннан 24 халықаралық әуе рейсі келді. 2 621 әуе жолаушының ішінде ПТР тестілеудің теріс нәтижесі бар анықтамамен 2 108 адам, анықтамасыз 513 адам келді.
Оның ішінде Алматы қаласының әуежайына – 15 рейс, 2 368 жолаушы, анықтамамен - 2 169, анықтамасыз - 199;
Нұр-Сұлтан қаласының әуежайына – 4 рейс, 432 жолаушы, анықтамамен - 378; анықтамасыз - 54;
Шымкент қаласының әуежайына – 2 рейс, барлық 326 жолаушы анықтамамен келген;
Ақтөбе қаласының әуежайына – 1 рейс, 138 жолаушы, анықтамамен - 80; анықтамасыз - 58;
Атырау қаласының әуежайына – 1 рейс, 160 жолаушы, анықтамамен - 70; анықтамасыз - 90;
Қостанай қаласының әуежайына – 1 рейс, 1 жолаушы анықтамамен келген.
Анықтамасыз келген Қазақстан азаматтары келген жері бойынша COVID-19-ға ПТР талдау әдісімен тест тапсырады және карантин стационарында нәтижесін күтеді. Айта кетерлігі, 12 наурызда шетелден анықтамасыз келген Қазақстан 273 ҚР азаматының ПТР талдауы теріс нәтиже көрсетті.