Маңғыстау облысы бойынша ҚАЖ департаментінің ГМ-172/10 мекемесіндегі шаруашылық жұмыстары үшін қалдырылған сотталғандар арасында Амал мерекесіне орай іс-шара өткізілді. Іс-шараның ашылуы ГМ-172/10 мекеме бастығының тәрбие жұмыстары жөніндегі орынбасары әділет подполковнигі Е.Сузақбаев құттықтау сөзімен басталды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Іс-шарада шаруашылық жасағында жазасын өтеушілер қазақтың ұлттық киімдерін киіп, өздері дайындаған дастархан басында қосып бір-бірін құттықтап, ақ тілектерін білдірді. Жазасын өтеуші сотталған А.Турлыбаев қазақтың қара домбырасымен «Бұл өлке», «Ұлыстың ұлы күні» атты әндерді шырқады.
-Іс-шараның мақсаты сотталған азаматтардың қазақтың салт-дәстүріне деген қызығушылығын ояту, жазасын өтеп жүрсе де халқымыздың қастерлі мерекесінен тыс қалмай атап өту, - дейді Ғ.Бердишев.