• RUB:
    4.85
  • USD:
    498.34
  • EUR:
    519.72
Басты сайтқа өту
Пікір 16 Наурыз, 2021

Оны сатуға ешкімнің құқы жоқ

152 рет
көрсетілді

Өз басым Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың жерді шетелдіктерге сатпау және жалға бермеу мақсатында қабылдаған шешімін өте орынды және уақтылы қолға алынған істердің бірі деп санаймын. Жер тағдыры – кез келген қазақтың жанды жері.

Сол себепті мен Президенттің заң шығаруға бастамашылық ету құқын толық пайдаланып, осындай шешім шығаруын толығымен қолдаймын.Қазақта «Ұлтарақтай болса да, атамекен жер қымбат» деген ұлағатты сөзі бар. Осынау кең-байтақ қасиетті жер біздің ата-бабамыздың қанымен, жанымен қорғап қалған дүниесі. Қанша дүние саудаға түсіп, сатылғанымен, жер ол – халықтың мәңгілік қазынасы.

Сондықтан да оны сатуға ешкімнің де құқы жоқ. Алақандай жер болса да ол біздің, Қазақ елінің еншісіндегі құн­ды­лық болып қалуы керек. Қазақтың жер­інде өзіміздің ұрпақтарымыз ие болып қалу керек, осы жерде өз перзенттеріміз еңбек етіп, өсіп-өнуі, өмір сүруі қажет.

Ел егемендігінің ең басты қазынасы – жерді көзіміздің қарашығындай сақтап, ертеңге аманат етіп қалдыру – мемлекеттің жүгін арқалаған азаматтардың бүгінгі бас­ты міндеті, міне, осы. Шындап келгенде, бұл – киелі қазақ топырағында кіндік қаны тамған әрқайсысымыздың қасиетті парызымыз. Өйткені жердің тағдыры – елдің тағдыры.

 

Әкім ЫСҚАҚ,

қоғам қайраткері