• RUB:
    5.44
  • USD:
    478.58
  • EUR:
    520.84
Басты сайтқа өту
Қазақстан 16 Наурыз, 2021

«ҚазАгро» «Бәйтерек» холдингінің құрамына кірді

313 рет
көрсетілді

Биржа мәлім еткендей, «ҚазАгро» Ұлттық басқарушы холдингі» АҚ «Байтерек» Ұлттық басқарушы холдингі» АҚ құрамына кірді, деп хабарлайды Egemen.kz

«Облигациялары Қазақстан қор биржасының ресми тізімінде тұрған «Байтерек» Ұлттық басқарушы холдингі» АҚ (Нұр-Сұлтан) Қазақстан қор биржасына (KASE), 2021 жылдың 15 наурызындағы жалғыз акционерінің шешімдері туралы хабарлады. Жалғыз акционері бірнеше шешім қабылдады», делінген ақпаратта.

Аталған шешімдердің қатарында «Байтерек» Ұлттық басқарушы холдингіне «ҚазАгро» Ұлттық басқарушы холдингті қосу арқылы холдингті қайта құру, «ҚазАгро» Ұлттық басқарушы холдингі» АҚ орналастырылған акциялары саны шегінде 585 352 214 дана акцияларын бір акцияға 366,85 теңгеден «Байтерек» Ұлттық басқарушы холдингі» акционерлік қоғамына сату бар. Жалпы, жалғыз акционер барлығы 12 мәселе бойынша шешім қабылдаған.

Осылайша, «Бәйтерек» холдингінің құрамына бұрынғы «ҚазАгроның» үш еншілес ұйымы – «Аграрлық несие корпорациясы» АҚ, «ҚазАгроҚаржы» АҚ және «Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры» АҚ кірді.