Нью-Йорк мэрі Билл Де Блазио COVID-19-дан қайтыс болғандарға арналған салтанатта пандемия құрбандарының саны Екінші дүниежүзілік соғыста, Вьетнамдағы қақтығыста, Сэнди дауылында және 2001 жылғы 11 қыркүйектегі террорлық шабуылдар кезінде қаза тапқан қала тұрғындарының санынан асып түскенін мәлімдеді, деп хабарлайды Egemen.kz
Билл Де Блазионың айтуынша, бүгінде коронавирус инфекциясынан қайтыс болғандар саны 30 мыңнан асты.
Жоғарыдағы пікірді штаттың Бас прокуроры Летизия Джеймс алға тартып, қарттар үйіндегі тұрғындардың 50%-ы коронавирустан жан тәсілім етті.
Ал Джонс Хопкинс Университетінің өкілі АҚШ-та қауіпті індет басталғаннан бері 29,4 миллион адам коронавирус жұқтырған. Өкінішке қарай, ел осы көрсеткіш бойынша әлемде бірінші орынға тұрақтады. Қазірдің өзінде кеселден 534 880 адам көз жұмды.
Рабиға МҰРАТ