Облыстық денсаулық сақтау басқармасы баспасөз қызметінің ақпаратына қарағанда, коронавирусқа қарсы вакциналау жалғасып жатыр.
Мәселен, 9-15 наурыз аралығында 1095 тұрғын ресейлік «Спутник V» вакцинасын өз еркімен салдырғаны белгілі болды.
«Оның ішінде 721 педагог, 344 медицина қызметкері, 29 мемлекеттік қызметші мен 1 полицей бар» деп хабарлады басқарманың баспасөз қызметінен.