• RUB:
    4.75
  • USD:
    498.55
  • EUR:
    524.28
Басты сайтқа өту
Қоғам 16 Наурыз, 2021

Ақтауда мас жолаушыны борттан шығарып жіберді

160 рет
көрсетілді

Ақтау-Алматы бағытындағы ұшақ жолаушысы тәртіпсіздік көрсетуіне байланысты рейстен шығарылды, деп хабарлайды Egemen.kz

SCAT әуе компаниясының баспасөз қызметі хабарлағандай, оқиға 15 наурызда болған. Ақтаудан Алматы қаласына ұшуға бет алған ұшақтың жолаушысы мас болған және тәртіпсіздік жасап, борт экипажының ескертуіне құлақ аспаған.

«Жолаушы экипажға қоқаң-лоққы көрсетіп, адамдардың мазасын алған. Ер адамға екі рет ескерту жасалған. Үшінші ретінде командир ұшу жолағынан тұраққа қайта оралып мазасыз жолаушыны рейстен шығаруды ұйғарды», деді SCAT әуе компаниясының өкілі.