«Қазгидромет» РМК филиалының инженер-синоптигі Наталья Бочкова Маңғыстауда ауа райының бұзылуына байланысты ескерту жарияланғанын айтты, деп хабарлайды Egemen.kz
16-17 наурыз күндері аймаққа солтүстіктен келген суық циклон жалғасады. Бүгін желдің жылдамдығы кей жерлерде секундына 19 метрге дейін жетеді. Ертең 23-28 метрге дейін күшеюі мүмкін.
«Ауа температурасы түнде 5 градусқа дейін төмендейді. Күндіз 10-15 градус жылы болады. 18 және 19 наурызда жаңбыр жауып, соңы қарға ұласуы ықтимал. Қалың тұман түсіп, көктайғақ болуы мүмкін», деді Наталья Бочкова.