«Қазақстан Республикасының Президентi туралы» Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 26 желтоқсандағы №2733 Конституциялық заңының 9-бабы – Республика Президентiнiң Парламентке қатысты өкiлеттiгi деп аталады.
Сол баптың 9-1 бөлігінде «заң шығару бастамасы тәртібімен Парламент Мәжілісінің қарауына заңнамалық актілер жобаларын өзінің арнайы жолдауымен енгізеді» деп көрсетілген.
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев заңмен белгіленген осы өкілеттігін пайдаланып отыр және ол мүмкіндігін дер кезінде қолданды. Себебі жерге қатысты дәл осы мәселеге қоғам реакциясы бұрқ-сарқ қайнап, енді болмағанда ернеуінен асып төгілуі әбден мүмкін еді.
Ендігі мәселе – Парламент тарапынан сапалы заңның дайындалуына қатысты болмақ. Ол үшін Президент өзі айтқан, қоғам өкілдерінен құрылатын комиссия құрамын дұрыс жасақтаған жөн.
Абзал ҚҰСПАН,
заңгер