• RUB:
    5.01
  • USD:
    488.11
  • EUR:
    530.09
Басты сайтқа өту
Аймақтар 18 Наурыз, 2021

Қазақстандық балалардың 95%-ы балабақшаларға барады

391 рет
көрсетілді

Премьер-Министр Асқар Мамин балаларды мектепке дейінгі тәрбиемен қамту жоспарларымен бөлісті, деп хабарлайды Egemen.kz Батыс Қазақстан облысы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

«Жан басына шаққандағы қаржыландыру әдістемесіне сәйкес мектепке дейінгі білім беруді жеткілікті қаржыландыру туралы мәселені шешуге қатысты сіздердің депутаттық сауалдарыңызға мыналарды хабарлаймын. Бүгінгі таңда республика бойынша 3 жастан 6 жасқа дейінгі балаларды мектепке дейінгі біліммен қамту 98,7% - ды құрайды. Бұл көрсеткішті 2025 жылға қарай 100% - ға дейін жеткізу жоспарланып отыр. 2020 жылы республикада 38 мың орындық 365 жекеменшік балабақша ашылды. Сондай – ақ 2 жастан 6 жасқа дейінгі балаларды мектепке дейінгі біліммен қамтуды 2025 жылға қарай 95% - ға дейін жеткізу жоспарлануда (бүгінде 2 жастан 6 жасқа дейінгі балаларды қамту-71,2%)», деп жазды Асқар Мамин депутаттық сауалға берген жауабында.

Оның айтуынша, осы мақсатта Үкімет өңірлердің алдына мемлекеттік білім беру тапсырысын орналастыру, ваучерлік қаржыландыруды енгізу және мектепке дейінгі тәрбие ұйымдарының баламалы нысандары арқылы жеке балабақшалар желісін дамыту міндетін қойды.

«2021 жылы 32 мыңға жуық жаңа орын ашу жоспарланған, оның ішінде Алматы облысында – 8000 орын, Түркістан облысында – 4000 орын. 2025 жылға қарай 278 мыңнан астам жаңа орын пайдалануға беріледі. Әдістемеге сәйкес 10,5 сағаттық болу режимі бар топтар үшін жан басына шаққандағы нормативтің орташа мөлшері 38 256 (қала) және 41 053 (ауыл), түзету топтары үшін 67 508 (қала) және 74 125 (ауыл) құрайды. Жан басына шаққандағы нормативке еңбекақы төлеу қорына, оқу материалдарына, Көрнекі құралдар мен ойыншықтарға, Коммуналдық қызметтерге, байланыс және интернет қызметтеріне ақы төлеуге, ғимараттарды ұстау мен оларға қызмет көрсетуге және т.б. шығыстар енгізілген», деп түйіндеді Премьер-Министр.