Егде жастағы атыраулыққа қарақшылық шабуыл жасалды. Бұл туралы облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметінен мәлім етті.
«Махамбет ауданының тұрғыны 14 наурызда сағат 08:00 шамасында 1945 жылы туған азаматшаның үйіне заңсыз кіріп, үшкір затпен қорқытқан. Әр түрлі купюрадағы 14 мың теңге ақшасын, алтын бұйымдарын алып кеткен. Жәбірленушіге келтірілген залал көлемі – 114 мың теңге. Полиция қызметкерлері жедел іздестіру іс-шарасын жүргізіп, осы қылмысқа күдікті 31 жастағы азаматты ұстады» деп хабарлады департаменттің баспасөз қызметінен.
Қазір күдіктіге қатысты ҚР Қылмыстық Кодексінің 192-бабының 3-бөлігімен сотқа дейінгі тергеу басталды. Күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды.