Қарағанды облысында тасқын судың қауіпсіз өтуі бойынша алдын алу іс-шаралары жүргізіліп жатыр, деп хабарлайды Egemen.kz Төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Осакаров ауданы Николаевка ауылының маңындағы Сабырқожа өзенінде мұздың жарылуы басталды. Мұзды жару жұмыстары көктемгі сең жүру кезеңінде кептеліс құбылыстарының алдын алу және тасқын сулардың апатсыз өтуін ұйымдастыру мақсатында жүргізіледі.
Сондай-ақ елді мекендерден қар шығару, сондай-ақ су өткізу құрылыстарын тазалау бойынша іс-шаралар жалғасып жатыр. Облыс бойынша шығарылған қардың көлемі 1,2 млн м3 астам. 1600-ден астам су өткізу құрылыстары тазартылды.
Негізгі су қоймаларынан су ағызу жалғасып жатыр. Құтқарушылар тұрғындарға көктемгі су қоймаларының қауіптілігі туралы ескертеді. Ешқандай жағдайда мұзға шықпаңыз, өйткені мұздағы жарылыс толқынынан жарықтар пайда болады. Көктемде су қоймаларын мұз үстінен өту қауіпті. Су айдындарындағы көктемгі мұз қабатын сырғанау және өту үшін пайдалануға болмайды. Әсіресе өзендерді ашу кезінде мұзда болуға жол берілмейді. Ешқандай жағдайда мұзға тәуліктің қараңғы уақытында және нашар көрінгенде шығуға болмайды», делінген хабарламада.