БҚО бірнеше күн «қызыл аймақта» болғандықтан, жексенбі күндері азық-түлік және азық-түлік емес базарлардың жұмысы тоқтатылды. Бұдан басқа сенбі және жексенбі күндері локдаун барлық сауда және ойын-сауық орталықтарында енгізілді. Барлық бұқаралық іс-шараларды, соның ішінде театрлар мен кинотеатрларда өткізуге тыйым салынады, деп хабарлайды Egemen.kz облыс әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Қоғамдық тамақтану нысандарының қызметі кешкі сағат 10-ға дейін қысқарды. Сенбі және жексенбі күндеріне келмейтін мереке күндері базарлар мен сауда орталықтары штаттық режимде жұмыс істейтін болады.
«Соңғы аптада, алдыңғымен салыстырғанда, БҚО - да сырқаттанушылық 1,4% - ға артқаны байқалады. Ең осал топ бұрынғысынша жұмыс істейтін халық пен зейнеткерлер. Барлық анықталған жағдайлардың ішінде отбасында бұрын сырқаттанған адамдармен қарым – қатынас жасау – 33,8%, адамдар көп жиналатын орындарға бару (сауда үйлері, базарлар, медициналық ұйымдар) - 27,7%, қоғамдық көлікте жүру – 26,4%, сондай-ақ естелік іс-шараларға бару (еске алу түскі асы, мерейтойлар, үйлену тойлары) - 7,9% жұқтыру көздері болып табылады. Соңғы күндері тәулігіне сырқаттанғандар саны артып, 81 жағдайға жетті, нәтижесінде БҚО тағы да "қызыл" аймақта болды. Осыған байланысты демалыс күндері локдаун енгізілді», деп хабарлады облыстың бас санитарлық дәрігері Мұхаметғали Арыспаев.
Оқушыларға келетін болсақ, үшінші тоқсанда (11 қаңтардан бастап) коронавирусты жұқтырудың 353 жағдайы тіркелді. 4-18 наурыз аралығында 19 мектепте 31 сынып карантинге жабылды.
«Қазір дәстүрлі форматта оқушылар контингенті 300 оқушыға дейін, сыныптардағы балалар саны 15 адамға дейін қалалық және ауылдық мектептерде, сондай - ақ кезекші топтарда 1 - ден 5 - сыныпқа дейін және аралас (пәндердің 70% - ы штаттық режимде, 30% - ы дистациялық режимде) 9, 11-сыныптар үшін аптаның алты күні бойы оқытуға рұқсат етілді. Алайда шектеу іс-шараларының режимі мен мерзімдері облыс аумағында коронавирустық инфекцияның таралуы бойынша жағдайдың өзгеруіне сәйкес қайта қаралуы мүмкін. 20 наурыздан 1 сәуірге дейін оқушылар демалысқа кететіні белгілі. Егер сәуір айында БҚО «сары» немесе «жасыл» аймақта болса, оқыту әдеттегі режимде жалғасады. Егер жағыдай қолайсыз болса, режимді күшейтуге тура келеді және мектеп процесі қайтадан онлайн оқыту форматына ауысуы мүмкін», деп түсіндірді М.Арыспаев.
БҚО денсаулық сақтау басқармасы басшысының орынбасары Гүлнар Абдрахманованың айтуынша, соңғы мәліметтер бойынша Инфекциялық стационарлардың толтырылуы 46% - ды құрайды. 62 реанимациялық төсекте 12 пациент ем алады. Негізінен бұл 60-70 жастан асқан азаматтар.
«БҚО-да вакциналау кесте бойынша жалғасуда. Өздеріңіз білетіндей, бірінші кезекте вакцинаны медицина қызметкерлері, сондай-ақ педагогтар мен күш құрылымдарының қызметкерлері алады. Мысалы, бірінші компонентті 660 мұғалім енгізді», деді Ғ.Әбдірахманова.
СЭҚ және облыстық денсаулық сақтау департаменттерінің өкілдері халықты барлық қажетті қорғау шараларын сақтауға шақырды. Олардың айтуынша соңғы уақытта науқастар аурудың ауыр және өте ауыр түрімен инфекциялық стационарларға келіп түсуде. Әсіресе, артериялық гипертензиясы, қант диабеті, жүректің ишемиялық ауруы бар егде және кәрілік жастағы адамдарда ауру өте өткір.