• RUB:
    5.17
  • USD:
    515.89
  • EUR:
    536.32
Басты сайтқа өту
Қазақстан 20 Наурыз, 2021

Қазақша жыл қайыру есебі

857 рет
көрсетілді

Өткен тарихымызды біліп, болған оқиғалардың уақыт нақтылап, көне қолжазбаларды зерттеумен айналысатын адамдар үшін «Хижра» жыл есебін,  біз қолданатын «Григориан» жыл есебіне айналдыру тәсілін білуі өте қажет.

Мысалы, Әбу Райхан Беруни хижраның 363 жылы туған. Осыны бүгінгі жыл санауға айналдырайық, Ол үшін хижра жылын 33-ке (бұл екі жыл есебінің айырмасы) бөлу керек. Содан шыққан санды хижра жылынан алып таста да, жаңа санға 622 санын (хижра жылы) қос.

Нәтижесі:

                                       а)  362: 33 = 11,      

                                       б)  362 – 11 = 351,    

                                       в)  351 + 622 = 973 жыл.

Әбу Райхан біздің жыл санауымыз бойынша 973 жылы туған екен.

Ж = X – (X : 33) + 622

 

Енді «Григориан» жыл есебін «Хижраға» айналдырып көрейік:

Мысалы, сіз 1965 жылы туғансыз. Ол үшін:

а) 1965 – 622  = 1343

                                            б) 1343 : 33  = 42

                        в) 1343 + 42 =  1385 хижра жылы

Ескерту: санды 33-ке бөлгенде нәтиже қалдықпен шықса, қалдық 17 санынан көп болса, нәтиже бүтін санға айналдырылады. Қалдық 16 санынан аз болса тек бүтін бөлігі алынады.