• RUB:
    5.17
  • USD:
    515.89
  • EUR:
    536.32
Басты сайтқа өту
Әлем 22 Наурыз, 2021

Моңғолия президенті қазақ халқын Наурыз мейрамымен құттықтады

585 рет
көрсетілді

Моңғолия президенті Халмаагийн Баттулга қазақ халқын Наурыз мейрамымен құттықтады.

«Наурыз мейрамы құтты болсын! Қаһарлы қыстың суық күндерін артқа тастап, көктемнің жайма шуақ күнімен қауышып жатқан қуанышты сәтте Моңғол Елінің түпкір түпкірінде өмір сүретін барлық қазақ аға бауырларды Наурыз мерекесімен қызу құттықтаймын.

Біріккен Ұлттар Ұйымының Бас Ассмблеясының 2010 жылғы мәжілісі Халықаралық наурыз күнін дүние жүзілік денгейде белгілеп тойлау туралы шешім қабылдаған. Наурыз барша адамзаттың ортақ мәдениеті, рухани мұрасы.Ана тілін, мәдениетін, әдет ғұрыпын ғасырлар бойы сол қалпында сақтап басқаға үлгі болып келе жатқан Моңғолия қазақтары арасынан дүние жүзіне еліміздің атын шығарған, әлемге танымал еңбек майталмандары, мемлекеттік және мәдениет, өнер саласының қайраткерлері, ғалымдар көптеп туып шыққаны бәрімізге мақтаныш.

Қазақ халқының ата бабадан жалғасып келе жатқан мақтан тұтар тарихын, еңбек жолын қазақ жастары алдағы уақытта жалғастырып Отанымыздың гүлденіп өркендеуіне қомақты үлес қосады дегенге кәміл сенемін.Барша қазақ халқы домбырасын қалықтатып, айтыс ән мен күйін шарықтатып, ауыл аймақ ақсақал қарттарға құрмет көрсетіп, бала шаға отбастарыңызбен тексі түгел аман есен болуларыңызды тілеймін.Аспан көктің серісі алап қыран тағдырлас асыл Қазақ халқының ісі үнемі ілгері жүріп бақ бақыты тасқындай берсін», деді Моңғолия президеті Халмаагийн Баттулга.