Коронавирус инфекциясы бойынша өңірлердегі эпидемиялық ахуалды бағалау матрицасының 23 наурыздағы мәліметтері жарияланды, деп хабарлайды Egemen.kz
Оған сәйкес «қызыл» аймақта Нұр-Сұлтан және Алматы қалалары мен Батыс Қазақстан облысы тұр.
«Сары» аймақта Ақмола, Ақтөбе Алматы, Атырау және Қарағанды облыстары орналасқан.Қалған өңірлер – «жасыл» аймақта.
Бұдан бұрын хабарланғандай, өткен тәулікте Қазақстанда коронавирус инфекциясына оң нәтие көрсеткен 1101 науқас анықталды. Олардың ең көп саны Алматыда (395) және Нұр-Сұлтанда (161).
Сондай-ақ бұған дейін Денсаулық сақтау министрлігі бүгінгі таңда Қазақстанда коронавирустан 21888 адам ем алуды жалғастырып жатқанын хабарлады.