Соңғы аптада коронавируспен сырқаттанушылық деңгейі алдыңғы аптадан 76%-ға жоғары, яғни 100 мың тұрғынға шаққандағы қарқынды көрсеткіш 106,96-ны, ал репродуктивті саны 1,506-ны құрады, деп хабарлайды Egemen.kz
Сырқаттанушылық көрсеткішінің артуына байланысты елорда 10 наурыздан бастап эпидемиологиялық жағдай бойынша «қызыл аймақта» енді.
Нұр-Сұлтан қаласында осы жылдың 22 наурызында COVID-19 инфекциясын жұқтырған 28 248 жағдай тіркелді (оның ішінде 17 947 — симптомды және 10301 —симптомсыз).
Тәулігіне 203 расталған алғашқы зертханалық жағдай тіркелген (симптомдары бар 136 жағдай, 67 симптомсыз жағдай), өсім — 0,85%.
Тіркелген 136 симптомдық жағдайдың 39-ы байланыста болған адамдар арасында анықталды, 97-сі — өз өтініші бойынша.
Осы жылдың 22 наурызында 67 симптомсыз жағдай анықталды, оның ішінде байланыста болған адамдар арасында — 53.
Бір тәулік ішінде 14 жасқа дейінгі балалар арасында аурудың 39 жағдайы анықталды.
Анықталған – 357 байланыста болған тұлғалар, барлық жұмыс істеп тұрған ошақтар – 1321, оның ішінде: үй – 834 (байланыста болғандар саны – 1497), ұйымдастырылған – 487 (ұйымдасқан ұжымдардағы байланыста болғандар – 1917).
Құрметті елорда тұрғындары мен қонақтары!
Нұр-Сұлтан қаласының санитариялық-эпидемиялық бақылау департаменті карантиндік шараларды қатаң сақтауды ұсынады:
- Маска режимі;
- адам көп жиналатын орындарға бармау (естелік іс-шаралар, туған күндер, мерейтойлар, шығарып салу, құдалық, үйлену тойлары, беташар және басқа да іс-шаралар);
- әлеуметтік қашықтық;
- қолды сабынмен жиі жуыңыз немесе антисептикпен зарарсыздандырыңыз.
Қаладағы коронавирустық инфекция бойынша эпидемиологиялық жағдайды ескере отырып, өз денсаулығыңызға және жақындарыңыздың денсаулығына жауапкершілікпен қарауды сұраймыз!