• RUB:
    4.85
  • USD:
    498.34
  • EUR:
    519.72
Басты сайтқа өту
Білім 24 Наурыз, 2021

«Экологиялық журналистика» бағдарламасы аясында арнайы курс өтті

764 рет
көрсетілді

Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі, Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігі мен әл-Фараби атындағы ҚазҰУ ынтымақтастық меморандумы аясында экология саласында маманданған журналистерге арналған дәріс өтті. 

Жаһандық қоршаған орта өзгерістері мен жергілікті экологиялық проблемалар бес күнге арналған журналистерге арналған курстың басты білім беру траекториясы саналды. Экологиялық сауаттылықты арттыру, экологиялық мәселелер тақырыбынды журналистік материалдар даярлаудың медиа құралдарын үйрену модулі шығармашылық кешенді  қамтыды. БАҚ-та экологиялық мәселелерді жариялау, экологиялық білім беру мен тәрбиелеу, қалдықтарды кәдеге жарату және қоршаған ортаны қорғау проблемаларын талқыланып, оларды экологиялық мәдениетті арттыруы жолдарына дейін аталған шараға ғалымдар, журналистер мен экологиялық саланың еріктілері қатысты. 

БҰҰ Жаһандық коммуникациялар департаментінің өкілі - Қазақстандағы БҰҰ Ақпараттық бюросының басшысы Властимил Самек «Тұрғындар арасында экологиялық ақпарат таратудың үлкен жауапкершілігі бар. Экологиялық ойлауды қалыптастыруда университеттердің салалық кафедраларының орны айрықша. Сондықтан ол туралы білім мен ақпарат кеңінен таралуы және қолжетім болуы тиіс. 8 млрд-қа жуық тұрғыны бар жер бетінде адам баласы қандай ауамен тыныстайды және қандай су ішеді деген сұрақтар қоғам назарында. Деректер шынайы болуы және ресми деректерге негізделуі экология мен қоршаған ортаға деген дұрыс көзқарас қалыптастырады», - деп атап өтті.

Қазақстан, Қырғызстан, Тәжікстан және Өзбекстан бойынша  Алматыдағы ЮНЕСКО Кластерлік Бюросы  Коммуникация және ақпарат маманы Сергей Карпов Тұрақты даму мақсаттары аясында экологиялық журналистика бойынша білім берудің бағдарламаларын таныстырды.  Университеттің  Баспасөз және электронды БАҚ кафедрасы мен Тұрақты даму бойынша ЮНЕСКО кафедрасы ғалымдары, Тәжірибешіл экологтар қауымдастығы  спикерлердің теориялық мәселеден практикалық дағдыларға дейінгі  кешенді қамтыды.  

Экологиялық проблема өте көптігі рас, дегенмен ол әр адам баласының өміріне қатысты мәселе.  Қазақстан Республикасының жаңа экологиялық кодексі түсіндіруден  бастап, мамандар  БАҚ-та жиі аталатын  биосфераның ластануы,  экотоксиканттар,  төтенше жағдайлардан қорғану,  экологиялық тәуекелдер,  экологиялық ізді есептеу сияқты кәсіби проблемаларды кеңінен талқылады. Лабораториялық жағдайда журналистер судың органолептикалық көрсеткіштерін талдады.  Журналистерге ұсынылған  экологиялық минимум - биомузей, жасыл технологиялар зонасымен жақын таныстырған кампусқа экотурмен аяқталды.  ҚазҰУ Ғылыми кітапхана қоры «Экология. Тұрақты даму мақсаттары. Журналистика» тақырыбынды кітап және БАҚ материалдар мен Асылхан Әбдірайымның «Қазақстанның көркем табиғаты» фотокөрмесі де шараның әдістемелік, визуалдық модулын нығайтқаны рас», деп атап өтті бағдарлама үйлестірушісі Гүлмира Сұлтанбаева.

Биылғы жылы университеттің салалас кафедралары арасында ғылыми-педагогикалық бағытта «Экологиялық журналистика» жаңа білім беру бағдарламасы  ашылады. Сондай-ақ қатысушылардың бастамасымен экологиялық тақырыпта жазатын журналистердің ұлттық желісін құру ұсынылды.  Экология саласында мәселе қордаланған. Бұл эколог ғалымдар мен журналистердің, еріктілердің  жаңа білім мен ақпараттық дағды жинаудағы ынтымағын арттырудың дәлелі.