• RUB:
    4.85
  • USD:
    498.34
  • EUR:
    519.72
Басты сайтқа өту
Әлем 25 Наурыз, 2021

Сингапурлықтардың 90 пайызының өз үйі бар

895 рет
көрсетілді

Әлемде аз уақыт ішінде дамып, озық елдер қатарына қосылған мемлекеттердің мысалы көпке үлгі бола алады. Дүние жүзі ғалым­дары мен сарапшылары Оңтүстік-Шығыс Азия елдерінің даму стра­тегиясы мен экономикалық жетістігіне баса назар аударып келеді. Со­лар­дың бірі Сингапурдың өзіндік моделін ерекше деуге толық негіз бар.

1960-жылдардың аяғы мен 1970-жылдар аралығында елде жұмыссыздық пен тұр­ғын үй дағ­дарысы белең алған. Дәл осы кезде Сингапур мемлекетті түбегейлі жаң­ғыр­ту бағдарламасына бел­сен­ді кіріскен-ді. Елдегі өнер­кәсіп саласын аяққа тұр­­ғызып, ірі мемлекеттік тұр­­ғын үй кешендері дами бастады. Одан бөлек, білім беру мен инфрақұрылымды дамытуға қыруар инвестиция тартылған. Нәтижесінде, 90-жылдарға қарай Сингапур на­рықтық экономикасы да­мы­ған, халықаралық сауда бай­ланысы орныққан табыс­ты елдердің біріне айналды. Қазір ол Азиядағы жан ба­сына шаққандағы ең жо­ға­ры ішкі жалпы өнімге ие елдердің бірі және БҰҰ-ның адам әлеуетінің даму индексі (HDI) бойынша 11-орынға жайғасқан. Сингапур – транс­ұлт­тық корпорациялар үшін де қолайлы елдердің біріне айналды. Бұған елдегі сыбайлас жемқорлықпен күрестің жақсы нәтижелері себеп бол­ған.

Көптеген маманды елдегі еркін нарық пен социалистік принциптердің үйлесім тап­қа­ны таңғалдырады. Еңбек нарығында иммигранттар­ды құшақ жая қарсы алған. Сол шеттен келген жұ­мыс­шы­лардың еңбегі елеулі еке­ні айтылған. Елдегі салық деңгейі де төмен. Нәтижесінде, халықтың жалақысы жоғары, ал үкімет жанама салықтардан жет­кілікті табыс табады. Син­гапур экономикасының бір бөлігі социалистік принциптерге негізделіп, ол бойынша мемлекеттік тұрғын үй жобалары өте табысты жүзеге асқан. Халықтың 90 пайы­зының өз баспанасы бар. Бұл үйлер үкіметтің ар­найы бағдарламасымен бе­рілген. Көп сарапшыларды саудаға капиталистік көзқарас қалыптастырған елде тұрғын үйге келгенде мүлдем басқа социалистік пікірдің белең алуы таңғал­дырады. Сингапурдың тұр­ғын үй саласын әлемде ең табысты шешілген жүйе деу­ге барлық негіз бар. Ел­дегі денсаулық сақтау жүйе­сі де баспана мәселесі секіл­ді мемлекеттен қыруар қар­жы алады. Тұрғындар мен жұмыс берушілер арнайы медициналық сақтан­дыру жүйесіне табы­сы­ның бір бөлігін аударып тұрады. Ал саланың бар­лық шығынын үкімет толы­ғымен өз қалтасынан жаба­ды. Осылайша, АҚШ пен Ресейдің ұстанған бағытының қосын­дысы Сингапурда үйлесім та­уып, елді өркениет биігіне кө­терді.