• RUB:
    4.91
  • USD:
    494.87
  • EUR:
    520.65
Басты сайтқа өту
Қоғам 25 Наурыз, 2021

«Қазпошта» пошта-логистикалық қызмет көрсету сервисін жетілдіріп жатыр

418 рет
көрсетілді

«Қазпошта» АҚ почта-логистикалық қызмет көрсету сервисін жетілдіруде. Ұлттық пошта байланысының операторы халықаралық пошта жөнелтілімдері мен жүктерді кедендік ресімдеу жөніндегі қызметті іске қосады. Кеден өкілі мәртебесін алу «бір терезе» қағидасы бойынша кешенді қызмет көрсетуге мүмкіндік береді, деп хабарлайды Egemen.kz.

«Биыл біздің компания кедендік өкілдер тізіліміне енгізілді. Бұл біздің почта-логистикалық қызметті көрсетудің толыққанды моделін құру жолындағы қадамдарымыздың бірі және оның мультипликативтік нәтижесі бар. Осылайша біз еліміздің тұрғындары үшін қызметтер спектрін кеңейтеміз. Жеткізу мен сақтаудан бастап тапсырыстарды басқару мен қозғалысты қадағалауға дейін толыққанды сервистік модельді ұсынамыз», деп «Қазпошта» АҚ Логистикалық сервис жөніндегі басқарушы директоры Асқар Әбдікәрімов атап өтті. 

Бүгінде халықаралық пошта жөнелтілімдері мен жүктерді кедендік ресімдеу бойынша қызметтер Нұр-Сұлтан және Алматы қалаларында қолжетімді болмақ. Болашақта қызмет көрсету аясын кеңейту және барлық облыс орталықтарында кедендік ресімдеуді ұсыну жоспарлануда.

«Кедендік өкіл мәртебесі біздің клиенттерімізге кедендік шекара арқылы өткізілетін халықаралық почта жөнелтілімдері мен жүктерді ресімдеу бойынша кешенді қызмет көрсетуге мүмкіндік береді. Біздің мамандар тиісті оқудан өтті. Логистикалық процестерді оңтайландырып және жеделдетіп,  біз қызметтердің барлық спектрін ұсыну негізінде өңірлік саясатты дамытамыз», деді ол.

Сондай-ақ Қазпошта уәкілетті экономикалық оператор мәртебесін алу бойынша жұмыс жүргізуде, ол ЕАЭО-ға кіретін мемлекеттердің шекараларын кесіп өту кезінде жүктерді ресімдеудің оңтайландырылған тәртібін пайдалануға мүмкіндік береді.