Өткен тәулікте өңірде 82 адамнан коронавирус инфекциясы анықталып отыр, деп хабарлайды Egemen.kz.
Облыстық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің ақпаратына сүйенсек, Атырау қаласында 26 адам, Жылыой ауданындағы Теңіз кенішінде 54 жұмысшы коронавирус инфекциясын жұқтырған. Ал Құрманғазы ауданында – 1, Индер ауданында 1 адамнан қауіпті вирусқа шалдыққан.
«Науқастардың арасындағы 17 адамда коронавирустың симптомды түрі тіркелді. Өткен тәулікте коронавирус инфекциясынан 81 пациент емделіп шықты. Қазір 232 адам үй жағдайында емделуде. Облыстық инфекциялық стационарда 8, модульдік стационарда 109, ал аудандардағы стационарларда 18 адам ем қабылдап жатыр. Теңіз кенішіндегі инфекциялық стационарда 266 пациент оқшауланды» деп хабарлады департаменттің баспасөз қызметі.