• RUB:
    4.62
  • USD:
    499.51
  • EUR:
    525.83
Басты сайтқа өту
Әлем 26 Наурыз, 2021

Алып кеме Еуропа экономикасына айтарлықтай зиян келтірді

413 рет
көрсетілді

24 наурызға қараған түні Мысырдағы Суэц каналында контейнер тасушы кеме тіреліп қалған. Салдарынан жүздеген кеме каналдан өте алмай, таситын тауарын межелі жеріне жеткізе алмаған, деп хабарлайды Egemen.kz

Әдетте Суэц каналынан күніне кем дегенде 50 кеме емін-еркін өтеді. Дүние жүзінде теңіз саудасының 12 пайызы осы каналға тіреліп отыр. Бүгінгі күні үш тәуліктен бері Ever Given кемесі барлық жолды бөгеп, күніне 9,5 миллиард доллар шығын келтіріп отыр.

Айта кетейік, тайвандық Evergreen Marin тасымалдау компаниясы шығарған кеменің ұзындығы - 400 метр. Дүние жүзіндегі тауар тасымалдайтын ең үлкен кемелердің бірі болып есептеледі.

Euronews мәліметінше 24 наурызға қараған түні ол Қытайдан Роттердамға зат тасып бара жатқан. Бірақ басқа бағытқа түсіп кеткен. Мамандардың айтуынша, оған ауа райы немесе электр құрылғысындағы ақау себеп болған. Салдарынан кеме Суэц каналында тіреліп қалып, басқа кемелердің жолын жауып тастаған.

«Контейнер таситын кемелер, танкерлер Еуропаға азық-түлік, жанармай, өнеркәсіп тауарларын жеткізе алмай жатыр. Еуропадан шығыс аймақтарға өнімдер экспорты тоқтатылды. Мұның өндіріске, Еуропа мен Азиядағы тауарлар қолжетімділігіне салдары зор», дейді Кэмпбелл университетінің тарих профессоры Сальваторе Меркольяно.