Қазақстанда коронавирус вакцинасының 1 компонентін 110 мыңнан астам адам алды, деп хабарлайды Egemen.kz Үкімет жанындағы Қазақстанда коронавирустың таралуына жол бермеу жөніндегі ведомствоаралық комиссияға сілтеме жасап.
«2021 жылдың 26 наурызындағы халықты КВИ-ға қарсы вакциналау жайында ақпарат: Вакцинаның 1 компонентін қабылдағандардың жалпы саны – 110 861 адам. Вакцинаның 2 компонентін қабылдағандардың жалпы саны – 25 318 адам», делінген хабарламада.