• RUB:
    5.5
  • USD:
    474.83
  • EUR:
    515.38
Басты сайтқа өту
Аймақтар 29 Наурыз, 2021

Алтайда қар барысы фототұзаққа ілінді

251 рет
көрсетілді

Жуықта Алтай тау сілемдеріне орнатылған фототұзақтың объективіне қар барысы ілінді. Сұлу жануар бұған дейін суретке 2014 жылдың қаңтарында түскен еді, деп хабарлайды Egemen.kz

Фототұзақты былтыр қарашада орманшы Жомарт Аманбаев, инспекторлар Манарбек Омаров және Мұрат Арабаевтар Аршаты орманшылығының аумағындағы 2300 метр биіктіктегі барыс жүреді-ау деген тұсқа орнатқан еді. Еңбектері нәтижелі. Көзге көріне бермейтін қар барысы камераның дәл алдынан өткен.

– Фототұзақ арқылы ілбістің Алтай тау сілемдеріндегі тіршілігін зерттеуге болады. Алдағы уақытта бұдан да сәтті кадрлар түседі деп ойлаймыз, – дейді Катонқарағай ұлттық паркінің ғылым, экологиялық мониторинг және ақпарат бөлімінің басшысы Әлия Ғабдулина.

Біле білсек, саны азайып бара жатқан қар барысы Қазақстанның Қызыл кітабына енген.