• RUB:
    5.43
  • USD:
    477.03
  • EUR:
    521.44
Басты сайтқа өту
Аймақтар 29 Наурыз, 2021

Атырауда тұрғындарды алдаған алаяқ ұсталды

458 рет
көрсетілді

Атырауда тұрғындарға жер алып беруге уәде етіп, ақшасын алдап алған алаяқ ұсталды, деп хабарлайды Egemen.kz

Облыстық полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, алаяққа алданған үш тұрғыннан арыздан түскен.

«Атырау қалалық полиция басқармасына жергілікті үш тұрғын арызданып, алаяққа алданып қалғанын жеткізген. Жәбірленушілерге осы уақытқа дейін жер алып бермеген,  не ақшасын қайтармаған. Осыған байланысты жедел-тергеу тобы іздестіру жұмыстарын жүргізіп, күдіктіні анықтады. Ұсталған күдікті Ақтөбе қаласында тұратын 45 жастағы тұрғын болып шықты», деп хабарлады департаменттің баспасөз қызметінен.

Қазір ұсталған күдіктіге қатысты ҚР Қылмыстық Кодексінің 190-бабының 3-тармағымен сотқа дейінгі тергеу жүріп жатыр.