• RUB:
    5.43
  • USD:
    477.03
  • EUR:
    521.44
Басты сайтқа өту
Аймақтар 29 Наурыз, 2021

Атырауда 27 жүргізушіден 2 млн теңгеден астам айыппұл өндірілді

417 рет
көрсетілді

Облыстық полиция департаменті баспасөз қызметінің ақпаратына сүйенсек, 27  жүргізуші осы кезге дейін айыппұл төлеуден жалтарып келген.

«Атырауда айыппұлдарды өндіруді жандандыру, өз еркімен төлеуден жалтарушы азаматтарға қатысты пәрменді шараларды ұйымдастыру мақсатында «Борышкер-2021» жедел профилактикалық іс-шарасы өтті. Іс-шара кезінде айыппұл төлеуден жалтарып жүрген 27 жүргізуші ұсталды. Көліктері айып тұрағына қойылған жүргізушілерден 2 млн 186 663 теңгені құрайтын айыппұл өндірілді.​ Мәселен, 14 наурызда сағат 15:30 шамасында армениялық «Hyundai Sonata» автокөлігі тоқтатылды. Тексеріс кезінде аталған автокөлік жүргізушісінің 145 850 теңгені құрайтын  10 айыппұлы төленбегені анықталды»,  деп хабарлады департаменттің баспасөз қызметінен.

Айып тұрағына қойылған 27 автокөліктің бесеуі Армения Республикасына әкелініпті. Ал,  22 көліктің Ресей Федерациясында тіркеуде тұрғаны белгілі болды.