Алматыда коронавирустық инфекциясын жұқтырған тұрғындар саны 33 557-ге жетті, деп хабарлайды Еgemen.kz.
Оның ішінде симптомдық белгілері бар – 22 656, ал симптомсыз – 10 901 сырқат бар. Емделгендер саны – 26 820 (өткен тәулікте+210). Қайтыс болғандар саны – 452.2020 жылдың 1 тамызынан бері пневмония бойынша 1 666 жағдай тіркелді.2021 жылдың 29 наурыз күні коронавирустық инфекцияның 545 жаңа жағдайы тіркелді (жергілікті), оның 468-і симптомдық белгілері бар және 77 симптомсыз. Барлық инфекциялық стационарларда (5 000 төсек-орын) физикалық тұрғыдан 2 696 адам (108 бала) ем алуда, оның ішінде аса ауыр – 32, ауыр түрде – 302, ауырлықтың орташа дәрежеде – 2 362.Жалпы реанимация және интенсивті терапия бөлімшесінде – 135 ( бос төсек-орын саны–285). ӨЖЖ – 8, инвазивті емес ӨЖЖ – 55, High flow-да 42 аппарат жұмыс істейді. Бір тәулік ішінде – 262 науқас қабылданды, стационардан 317 науқас шығарылды, сауыққандар саны – 210.Қайтыс болғандар жоқ.