• RUB:
    4.85
  • USD:
    498.34
  • EUR:
    519.72
Басты сайтқа өту
Аймақтар 30 Наурыз, 2021

Семейде 100 млн теңгеден астам марихуана мен гашиш тәркіленді

499 рет
көрсетілді

Семей қаласының тұрғынынан 153 келі марихуана мен 10 келі гашиш тәркіленді, деп хабарлайды Polisia.kz.

Шығыс Қазақстан облысы ПД Семей қаласының ПБ есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл және криминалдық полиция  бөлімдерінің қызметкерлері жедел ден қою жасағының жауынгерлерімен бірлесе отырып, кең ауқымды арнайы операция өткізді. Тінту барысында жедел уәкілдер Семей қаласының тұрғынынан 1,5 центнерден астам кептірілген марихуана мен 10 кг гашиш тәркіледі.

– Жедел-іздестіру іс-шаралары барысында Семей қаласының 44 жастағы тұрғынының Семей қаласына каннабис тобына жататын есірткі заттарының аса ірі партиясын жеткізіп, осында сатпақ болғаны анықталды. Оның гаражынан 153  келіден астам марихуана және 10 келі гашиш тәркіленді. Тәркіленген есірткі  32 мың бір реттік дозаны құрайды, олардың “қара нарықтағы” бағасы 100 млн теңгеден астам , – деді ШҚО ПД бастығының орынбасары Талғат Шаяхметов.  

Күдікті қамауға алынды. Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 297-бабының 3-бөлігі (Есірткі, психотроптық заттарды, сол тектестерді өткізу мақсатында заңсыз дайындау, қайта өңдеу, иемдену, сақтау, тасымалдау, жөнелту не өткізу) бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде, аталған баптың санкциясы бойынша мүлкін тәркілей отырып, 15 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы көзделген.